Әлеумет
102 жастағы сайлаушы
Ойыл ауданы бойынша ең қарт сайлаушы – Шәмшия Аманбаева. 102 жастағы қарияның көңілі сергек болғанымен қазір жүріп-тұруы қиын. Сондықтан, өзі тіркелген №389 референдум учаскесіне арнайы тапсырыс беріп, дауысты келіп алуын өтініпті.
№389 референдум учаскесінің мүшесі Айжан Ізімбетова түс әлетінде көшпелі жәшікпен барып, қарияға конституциялық құқығын пайдалануға мүмкіндік туғызды. Әрі арнайы сыйлығын тапсырды. Екі ғасырдың куәсі Шәмшия апамыз «Жаңа Қазақстанның» жақсылығын шөберелерім көрсін!» — деген тілегін білдірді.