Әлеумет
Дөңгелек үстел өткізілді
Өткен бейсенбіде Ойыл аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында аудан прокуроры Ә.Балғазинның және «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жиеналиннің қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршамызға ортақ іс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, онда сыбайлас жемқорлыққа қатысты туындайтын өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шара барысында қатысушылармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.
Айбек ЕЛПАНОВ,
Ойыл аудандық әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы,
«Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ
Ақтөбе облыстық филиалының мүшесі.