ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

МЕМОРАНДУМ — АҒАТ БАСҚАНДАРДЫ ОРТАҒА ТАРТУ АМАЛЫ

Өткен дүйсенбі күні Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы және Ойыл аудандық пробация қызметі биылғы жылдың басында екі жақты меморандумға сәйкес, Пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Атағалиев, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Аманғосов ,аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Тимур Абытаев және аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жангүл Ізғарина қатысты.
Кездесудің мақсаты қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерімен аудандық кездесулер өткізе отырып, пробациялық есепте тұрған азаматтарды оңалту және бейімдеу жөніндегі шараларды жетілдіру. Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Берниязұлы құқық бұзушылықты болдырмау, тәртіпті сақтау туралы жастарға ақыл кеңесін айтса, Нұрлан Аманұлы есепте тұрған жастарға заң шеңберінде түсінік берді. Ал, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жангүл Ізғарина мемлекеттік бағдарламалар, «Ауыл аманаты» бағдарламалары жөнінде түсінік берді. Жастарға қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, өз деңгейін де талқыланды.

Басқа жаңалықтар