Мәдениет

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК – ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

Ойыл ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Садақбаева Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – оның білім беру саласындағы жүйелі жұмысының, қоғамдық-саяси шараларға белсенді қатысуының және өз ісіне деген зор жауапкершілігінің нәтижесі.
Гүлмира Танжарбайқызы ауданның білім беру жүйесін дамытуға сүбелі үлес қосып, ұстаздар мен оқушылар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытында табысты еңбек етіп келеді.
Марапатты Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева табыстады. Бұл – кәсіби біліктілік пен табандылықтың, адал еңбектің айқын көрінісі.
Осындай жетістік – тек жеке еңбек жемісі ғана емес, сонымен қатар бүкіл ұжымның бірлескен жұмысының нәтижесі.

Related Articles

Back to top button