ӘкімдікӘлеумет

АУДАН ӘКІМІ ҮШ ОКРУГТІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Өткен аптада аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың ауданның ауылдық округтер тұрғындарымен кезекті кездесуі ең шалғай ауыл Қараой ауылдық округінен басталды.

Алдымен Құбасай ауылындағы кездесу барысында Асқар Қайырғалиұлы Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға жеке-жеке тоқталып, ауданның және ауылдық округтердің әр саладағы өсім деңгейімен таныстырып өтті.
Аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған және алдағы жоспарларын тыңдаған ауыл тұрғындары өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.


Ауыл тұрғындарының тарапынан орталықпен қатынайтын жол мәселесі, мал ауруларының алдын алу шаралары бойынша тұрғындардан өтініштер келіп түсті. Сонымен қатар жұмыс мәселесі талқыланды. Яғни, Құбасай ауылының тұрғыны Д. Имағанбетова ауылға таза ауыз судың қажеттігін айтса, М. Алпанов ауылға дейінгі автокөлік жолының жөндеу жұмыстарының биылғы жоспарын сұрады. Ш. Сұлтанов ауыл тұрғындарының тағы бір өзекті мәселесі – Қандыкөл маңынан мал суару үшін скважина қазу көмек сұрады. Аудан басшысы Асқар Қазыбаев ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары боиынша арнайы іс-шаралар жоспарын құрып, қолданыстағы заң талаптары аясында жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Кездесу соңында, ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізілді. Сарбие ауылдық округіне қарасты Сарбие мен Қаракөл ауылдарының тұрғындарымен кездесулерде де ең бірінші Асқар Қазыбаев округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы баяндады.
Сарбие ауылдық округінің тұрғындары тарапынан ауданға қатынайтын көтерме жолды жөндеу, қазіргі таңда тозығы жетіп тұрған ауыз су құбырларын жаңарту және де өзге де сұрақтар қойылды.
Аудан басшысы ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары бойынша қолданыстағы заң талаптары мен қаржылық мүмкіндіктерге байланысты жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, өткен аптада аудан әкімі Көптоғай ауылдық округі ауылдарының тұрғындарымен де кездесті.
Ол кездесулерде де Асқар Қазыбаев округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы баяндады.
Ауылдық елді мекендерге қатысты бірқатар маңызды мәселелерге тоқталып, ауылдың даму жолында жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Көптоғай ауылдық округіне қарасты ауылдық елді-мекендер тұрғындары тарапынан көтерме жолдарды қалпына келтіру, жол қатынасына жағдай жасау, жұмыссыздық, жер, газ мәселесі сынды өзгеде өзекті мәселелер көтерілді.
Аудан басшысы Асқар Қазыбаев ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын құрып, қолданыстағы заң талаптары мен қаржылық мүмкіндіктерге байланысты жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Related Articles

Back to top button