Әлеумет
Көп мәселе қозғалды
ЖЫЛДА НАУРЫЗДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН СІРЕСІП ЖАТАТЫН ОЙЫЛДЫҢ НАУАТ ҚАРЫНЫҢ БАУЫРЫ БИЫЛ ЕРТЕ СӨГІЛДІ. АЛАЙДА ОЙЫЛДЫҚТАР КӨКТЕМ ЕРТЕ КІРДІ ДЕП ҚУАНУҒА ӘЛІ ЕРТЕ ЕКЕНІН ЖАҚСЫ БІЛЕДІ. ӨЙТКЕНІ «КӨРІНІП ТҰРҒАН ТАУДАН КӨРІНБЕЙ ТҰРҒАН БҰЛТ ЖАҚЫН» ДЕМЕКШІ, ӘЛІ ДЕ ҚАРЛЫ ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ БОЛУЫ ӘБДЕН МҮМКІН. ӘЙТСЕ ДЕ, ЖЕР АНАМЫЗ ҚЫСҚЫ МАМЫҚ КӨРПЕСІН ЖИЫРА САЛЫСЫМЕН ҚАР АСТЫНА ЖАСЫРҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАР ҚЫЛТИЫП ШЫҒА КЕЛДІ. МІНЕ ОСЫДАН ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛЫП, АУЫЛДЫҢ АЙНАЛАСЫНА ТЕГІСТЕЙ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗУ БАСТАЛЫП КЕТТІ. КӨП ҰЗАМАЙ ІРІЛІ, ҰСАҚТЫ ТҮЛІКТЕРІМІЗ ДЕ КЕҢ ДАЛАНЫҢ ТӨСІНЕ ЕНЕДІ.
Осы орайда өткен жұмада аудандық мәдениет үйінде Ойыл ауылдық округі бойынша 2019 жылғы көктемгі, жазғы жұмыстар негізінде село тұрғындарымен кездесу жиыны өтті. Онда негізінен малдың күтуі мен ауылдың тазалығы баса айтылды. Биыл село тұрғындары әр мал басына 1000 теңге беріп бақтырады. Бұл жұмысқа сәтін салса сәуірден бастап кірісуге бақташыларда дайын отыр. Бағадан көрі бақташының жұмысына көңілі толмаған көпшілік осы жайында көп мәселе қозғады. Енді мал иесі мен бақташы арасында арнайы келісімшарт болады. Сондықтан Ойыл ауылдық округінің әкімі Дәурен Қаржауұлы бұл мәселе шешімін табады деген сенім білдірді. Әр қарай жалғасақ, тұрғындар тарапынан тазалық, тал егу, бау-бақша салу, көшелердің асфальтталуы, жаяу жүргіншілер жолы, қоғамдағы құқықбұзушылық сынды мәселелер қозғалып, жиында қозғалған барлық көкейтесті сауалдарға толыққанды жауап берілді.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.