Әлеумет

ҚОҒАМНЫҢ БОЛМЫСЫ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІНДЕ

Ойыл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Түнгі кітапхана» жобасы аясында «Қазақ қоғамының болмысын әйел бейнесі арқылы таныту» атты библио-кафе кеші өтті. Сағат 21:00 де басталған кешке «Ойыл аудандық белсенді өмір сүру орталығының» аналары арнайы шақырылды.
«Түнгі кітапхана» жобасы аясында қазақ әйелінің қоғамдағы орны, отбасы мен тәрбиедегі рөлі, ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі еңбегі жайындағы тақырыпта мазмұнды әңгіме өрбіді.
Іс-шара барысында қазақ әдебиетіндегі ананың, әженің, қыз баланың және асыл жардың бейнесі кеңінен насихатталып, ұлттық болмысымызды танытатын көркем шығармаларға шолу жасалды.
Орталық қатысушылары әдеби кейіпкерлердің өнегелі қасиеттері туралы өз ойларымен бөлісіп, тағылымды пікір алмасу алаңына айналған әсерлі кештің куәсі болды.
Библио-кафе форматында өткен кездесу жылы әрі еркін атмосферада ұйымдастырылып, ұлттық тәрбие, әйелдің қоғамдағы миссиясы, отбасы құндылықтары және рухани мұраның маңыздылығы жөнінде сұхбатқа ұласты.
Әдебиет арқылы қазақ әйелінің қайсарлығы, даналығы, мейірімі мен парасаты дәріптеліп, қатысушылар ерекше әсер алды.
Осындай тағылымды кешке сабақтастық мақсатында қатысқан жас келіндер мен бойжеткен қыздарға орталық қатысушылары аналық ақылдарын айтып, келісті әңгіме өрбітіп, парасатты пайымдарымен бөлісті.
Бұндай кездесулер жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуға деген ынтасын оятып, рухани дүниесін байыта түсетіні сөзсіз.

Related Articles

Back to top button