Әлеумет
«Қыс-2018» оқу-жаттығу жиыны арнаулы қызметтердің дайындығын пысықтайды
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын- алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, алдағы қысқы кезеңде басқару органдарын, күштер мен құралдарды дайындау мақсатында 2018 жылы 1-2 қараша аралығында Ойыл ауданында «Қыс 2018» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде. Оқу жаттығу «Қыс кезінде орын алған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» тақырыбында өтуде.
Ауданның Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері оқу-жаттығу барысында екі кіріспеге сәйкес дайындық дәрежелерін пысықталады. 1) Қыс кезінде ауа райының қолайсыз уақытында, автокөлік жолдарында ірі көлемді жол көлік оқиғасы болған кезде авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу; 2) Жоғары кернеулі электр желісінде орын алған төтенше жағдайларды жою; 3) Байланыс желісінің үзілуі; 4) Ауа райының қолайсыз уақытында адамдар көп шоғырланған нысандарда өртті сөндіру.
Кіріспелерді орындауға аудандағы шұғыл әрекет ету жасақтары, АҚ және ТЖ қызметтері қатынасады.
Қыс кезінде жолға 40 тонна инертті материал (құм) дайындалды, жанар-жағар майға АИ-92 — 2 тонна, Д/Т – 3тонна қаражат қарастырылуда.
Аудандағы тіршілікті қаматмасыз ететін нысандар қысқы от жағу маусымына дайын. Барлығы сұйық және қатты отынмен қамтылған. От жағу қазандықтарын бақылау үшін мекеме басшыларының кезекшілік кестесі жасақталуда.
Ойыл ауданы көлемінде қыс мезгіліне 10 жылыну пункті жасақталған.
Аудандағы қар басатын учаскелердің орналасқан жері: Ойыл-Қобда жолының Сарат маңы 15-20 км, Ақкемер елді мекенінің Жалғызтал жері қар басу аумағы 1 км, Ойыл-Қараой жолының 4-13 км, 33-35 км, 45-49 км; Қайыңды бағытындағы автокөлік жолының 8-15 км аралығы, Көптоғай бағытындағы автокөлік жолының 9-13 км, аудан бойынша қар басу қаупі бар автокөлік жолы 30 км.
Қыс кезінде қолайсыз ауа райында далада қалған жағдайда 101 және 112 телефон нөмірлеріне хабарласу керектігін аудан тұрғындарының естеріне саламыз!
Ойыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі