Денсаулық

ОЙЫЛДА БАЛАҒА ОТА ЖАСАЛДЫ

Ойыл аудандық ауруханасына емдік мақсатта 12 жастағы бала кіндік жарығы диагнозымен жүгінген. Қажетті тексерулерден кейін балаға жоспарлы түрде операция жасау туралы шешім қабылданды.
22 тамыз күні көпбейінді облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Медетбаев аудандық ауруханаға келіп, Ойыл аудандық ауруханасының балалар хирургы Нұрдәулет Қамбарпен бірлесіп, балаға кіндік жарығына байланысты жоспарлы ота жасады.
Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты. Операциядан кейінгі кезеңде қажетті медициналық бақылау жүргізіліп, күнделікті таңу жұмыстары орындалуда.
Айта кетейік, Ойыл аудандық ауруханасында балаларға жоспарлы операциялар қайта басталды. Бұл – аудан тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, балаларға қажетті хирургиялық көмекті өз ауданында алуға мүмкіндік беретін маңызды қадам.

Related Articles

Back to top button