Спорт

Ардагерлерді еске алды

 

 

 
Жуырда Ұлы Отан соғысының ардагері Андрей Ларин мен спорт ардагері Виктор Рудаевты еске алуға арналған білім беру қызметкерлері арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Доп додасына аудан орталығындағы оқу орындары мен округ мектептерінен 10 команда қатысты. Бір қуанарлығы, ауданымыздағы барлық мектептер жастармен толығып келеді. Ол турнир барысында байқалды. Ал жастар жүрген жерде спорттың түрі дамитыны анық. Сондықтан бұрынғыдай емес, волейболды үйренген жастардың ойындары да тартысты болды. Әсіресе нәзік жанды мұғалімдердің ойыны жинақталып, бір жүйеге түскен. Біршама меңгергендері байқалды. Турнирдегі қыздар бәсекесінде Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің қыздары өзге қарсыластарынан оза шауып бірінші орынды иеленді. Турнирдің кубогы бұйырды. Ал, ерлер арасында Ж.Жүсібалиев атындағы орта мектептің командасымен ақтық финалға шыққан Ойыл балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы  ұпай санымен көш бастап кубокты жеңіп алды. Турнирдің өтуіне ұйытқы болып, басы-қасында жүрген аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бақберген Мұқамбетқали турнирге белсене қатысқан білім қызметкерлеріне алғысын білдіріп, «Үздік шабуылшы», «Үздік байланыстырушы» номинацияларымен марапаттады. Турнирдің өтуіне аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті қаржылай демеушілік жасады.

Басқа жаңалықтар