ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИРІ — ҮШ ОТБАСЫҒА КӨМЕК

Өткен аптада Халықаралық жастар күніне орай Ойыл аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында шағын футболдан “Football Cup” қайырымдылық футбол турнирі деңгейде өтті.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен ауызбіршілікті нығайту және қайырымдылық мәдениетін дәріптеуді көздеген турнирге аудандық Жастар ресурстық орталығының бастамасына қолдау білдіріп, акцияға атсалуға тырысқан төрт команда қатысты.
Тартысты өткен турнирдің нәтижесінде бас жүлдені «Ойыл жастары» командасы иеленсе, «Қайрат» командасы командасы екінші жүлдеге қол жеткізді. «Жастар» командасы болса, турнирдің қол жүлдегері болды. Турнир барысында жиналған қаражатқа Ойыл ауданындағы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен 3 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.
Турнирге белсенді қатысқаны үшін «Қарасу» командасы арнайы алғыс хатпен марапатталды.



