Денсаулық
«Сүйінші» акциясы алғыс айту күнімен ұштасты
Алғыс айту күніне орай аудандық ауруханада «Сүйінші!» акциясы өтті. Салтанатты сәтке қатысқан аудан әкімі аурхана ұжымы мен аналарды құттықтап, мерекелік лебізін білдірді. Яғни, сонымен қатар кешелі-бүгінді өмірге келген нәрестелердің аналарына арнаулы сыйлықтар табыстады. Ал, жас босанған аналарға халықтық «Ақ Әже» ансамблінің мүшелері ақ орамал тартып, шашу шашса, аудандық мәдеиет үйінің қызметкері Боранбай Ешпанов «Немерем» әнін тарту етті.