Басты тақырыпМәдениет
«Алғысым шексіз, анаға!»
Аудан орталығында «Алғыс айту» күніне орай таңертеңнен басталған игі шаралар түстен кейін де жалғасын тапты. Аудандық мәдениет үйінде аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйытқы болуымен өткізілген «Алғысым шексіз, анаға!» атты салтанатты шара ауданның білім беру саласында еңбек еткен аналардың құрметіне арналды. Мұнда да анаға, әкеге, ұстазға, туған жерге, әр саланың саңлақтарына алғыстар көп айтылды. Аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы көп балалы, ардагер аналарымызды айтулы мерекемен құттықтады. Алғыспен өрілген шара мерекелік марапатқа ұласты. Яғни, негізінен «Алтын алқа» иегерлерінің үшеуіне емдеу-сауықтыру орнына жолдама берілсе, 11 ана бағалы сыйлыққа ие болды. Салтанатты шара соңында аналарымыздың құрметіне Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры Өзбекстанның көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» спектаклін тарту етті.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.