Әлеумет

Ақсақалдармен көрісті

Әдеттегі дәстүрмен 14 наурызда Ойылда таңертеңнен көрісу басталды. Көрісу — қоғам қанша алмасса да бұзылмай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт. Сондықтан сабақтасқан салт тек көрісумен шектелмейді. Бұл күні көже асылып, жеті нан пісіріліп, көрісе келгендерге ақ дәм ұсынылады. Жастар үшін негізгі міндет — ауыл үлкендеріне барып, сәлем беріп, саулығын біліп, бата алу.
Сол салтпен аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы бастаған топ та ауыл ақсақалдарының отбасына арнайы барып көрісті. Алдымен Ғұсман Жүмбергенұлына сәлем беріп, төс қағыстырып көріскен аудан басшысы дастарханнан дәм татып, ақсақалмен емен-жарқын әңгімелесті. Одан кейін Ахметкерей Қожиевтің шаңырағына барды. Мұнда да көрісіп, амандық-саулықтан соң арнайы асылған көжеден ауыз тиген аудан басшыларына талай топта өзінің қайталанбас батасымен көзге түскен ақсақал «бір қойлық бата» берді.

Басқа жаңалықтар