Мәдениет

«Ойыл халық театры» — «үздік актерлық ансамблі»

ТЕАТР- ЕЖЕЛДЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН ӨНЕР ОРДАСЫ. РУХАНИ КЕМЕЛДІК ПЕН МӘДЕНИ ӨСУГЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН БІРДЕН-БІР ОРЫН. ӨНЕГЕ КӨЗІ, ТӘРБИЕ ОШАҒЫ. ҚАЗАҚ САХНАНЫ КИЕЛІ САНАЙДЫ. ӨЙТКЕНІ, ӨРЕСІ БИІК КӨРЕРМЕНГЕ ОЙ САЛАР ЖЕР ОСЫ.

Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»,  «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында театр ұжымдарының деңгейін арттыру, қатарын көбейту, қазіргі талапқа сай жетілдіру мақсатында өткен аптаның сенбі күні облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында «Театр өнердің көші» атты дәстүрлі облыстық театрлар фестивалі өтті. Фестивальға жалпы саны облыс бойынша 11 театр ұжымы қатынасып, 9 номинация бойынша жүлделі орындар еншіледі. Соның ішінде «Ойыл халықтық театры» ауданымыздан шыққан даңқты тұлғаларды дәріптеу, жас ұрпақ жадында қайта жаңғырту мақсатында жерлесіміз Н.Қалауовтың «Ботагөз батыр» атты пьесасын сахналады. Бұл пьесада Ботагөз батырдың ерлік, батырлық істері кеңінен дәріптелді. Сонымен қатар ел ішіндегі мәселелерге оңтайлы шешім тауып, ақылдылығымен де ерекшеленіп отырғандығы айқын бейнеленді. Нәтижесінде жерлестеріміз яғни, театр өнерінің көшін бастап жүрген «Ойыл халық театры» «Үздік актерлық ансамблі» номинациясын қанжығасына байлады.  
Салтанат КЕҢЕСАРЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар