ӘкімдікБасты тақырып

«Нұр отан» партиясы жаңа жобалардың жаршысы

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалының кезектен тыс XXXVI конференциясы өтті. Конференцияға Саяси кеңес мүшелері, депутаттар, бастауыш партия ұйымының төрағалары, мемлекеттік мекеме басшылары, қоғамдық ұйым жетекшілері және «Жас Отан» ЖҚ белсенді жастары қатысты. Конференцияны «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалының төрағасы Дастан Сағыров жүргізді.

Күн тәртібінде Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Сьезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Ауыл – ел бесігі», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы және «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе аймақтық филиалының конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қозғалды. Бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин баяндама жасады. Тоқтала кетсек, ол «Халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған «Халыққа көмек» партиялық жобасының жұмысы басталды. Бұл жоба халықтың басындағы және қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты жедел әрекет ету. Жаңа бастаманы партия мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп іске асырмақ. Жоба негізінде партияның еліміздегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жаңғырып, олар бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесінде қызмет көрсете бастады. Жоба аясында қоғамдағы өзекті мәселелерді жедел әрі тиімді шешу үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге жарияланған жазбаларға талдау жасалып, алдын алу моноторингі жүргізіледі», — деп кеңірек мәлімет берді. Сонымен бірге азаматтардың өтініштерін жеке қабылдау, сайт, электронды пошта, Call Center сияқты дәстүрлі жолдардан бөлек, халықпен байланыс әлеуметтік желілердегі парақшалар, WhatsApp мессенджері, тиімді кері байланыс құралы ретінде танылып үлгерген әкімдіктердің цифрлы қызметі (iKomek, Open, Almaty) электронды Үкімет порталы арқылы жүргізілетіндігін ашық жеткізді. Міне осы акция басталғаннан осы күнге дейін «Бірыңғай әлеуметтік терезеге» 43 адам қабылдауға келген. Еркін Жұмағазыұлы «Нұр Отан» партиясының біздің ауданда атқарылып жатқан игілікті істеріне тоқтала отырып, барша конференция қатысушыларын алдағы уақытта «жұмылып жұдырық, бірігіп білек болып» ел үшін абыройлы, қалтқысыз қызмет жасауға шақырды. Екінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы Саяси кеңес мүшесі Берік Бисекенов «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе аймақтық филиалының конференциясына жоғарыда аталған партия мүшелерінен құралған 7 адамның тізімін делегаттыққа ұсынды. Конференция соңында «Нұр Отан» патиясы Ойыл аудандық филиалының сектор меңгерушісі Сәндібек Дәулетқалиев жоғарыда қозғалған мәселелер бойынша яғни, Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Сьезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Ауыл – ел бесігі», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы туралы, «Нұр Отан» патиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин баяндамасы назарға алынуын, «Халыққа көмек», «Ауыл – ел бесігі», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыруда партия филиалының Саяси кеңесінің, бастауыш партия ұйымдарының, аудандық мәслихаттағы өкілді орган-депутаттық фракция және партиялық бақылау комиссиясының жұмысы белсендірілуі туралы қаулы жобасымен таныстырды.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар