ӘлеуметБасты тақырып
Ұлы жеңіске 74 жыл
Биыл Ұлы Отан соғысындағы «Жеңіс күні» 74-ші рет тойланды. Ұлы Отан соғысына ауданымыздан 2613 азаматтарымыз аттанып, 1635-і майдан даласында қаза тапты. Хабарсыз кеткен 196-шы атқыштар девизиясы жауынгерлерінің тізімінде 62 майдангер бар. 928 жауынгер ғана елге қайтып оралды. Мінекей ұрыс даласында қаза тауып, жерленген жері белгісіз жерлестеріміздің рухына, соғыстың ауыртпалығын тарқан батыр бабалардың ерлігіне тағзым еткен ойылдықтар Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткіш алдында Жеңіс күніне арналған еске алу шарасын таңертемен бастап кетті. Жиылғандар алдымен Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Ойыл аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары соғыс жылдарындағы қасіретті күндерді көрініспен көз алдымызға әкелсе, мектеп оқушылары қардай бораған оқ пен отты жалынның арасында жүріп ерлік көрсеткен батыр бабаларымыздың ерлігін жиылғандарға мақтанышпен мәлім кетті. Сондай-ақ отты жылдарда ерен еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің де еңбегі ұшан теңіз. Майдандағы жауынгерлерді азық-түлікпен, жылы киіммен қамтемесіз етуде осы тыл еңбеккерлері аянбай еңбек етті. Соғыстың салқынан ерте есейіп еңбекке ерте араласқан тыл еңбеккерлеріне деген құрметіміз қашанда шексіз. Әрі қарай жалғасақ аталған шарада алғаш болып сөз алған аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы адамзат тарихындағы ең ауыр соғыста отан қорғаған қаһарман бабаларымыз бен қаһарлы халықтың осы бір сұрапылды сабырмен, үмітпен жеңе білгендердің жеңісіне көбірек тоқталып, барша жерлестерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
Келесі кезекте ауданымызға арнайы келген Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева құттықтау тілегін жеткізсе, әрі қарай аудан ардагерлері бүгінгідей мамыражай күнде ел үшін қызмет етіп жатқан аудан басшыларына алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, майдан даласында қаза тапқан жауынгерлер мен елге оралып, аянбай еңбек етіп тер төккен, қазір арамызда жоқ ардагерлердің құрметіне арналған 1 минут үнсіздіктен кейін Ойыл аудандық Қорғаныс істері бөлімінің бастығы Сатыбалды Алпысбаевтың бұйрығымен Жеңіс шеруі өтті.
Автошеруді соғыс жылдары кезіндегі автомашинамен аудандық қорғаныс істері бөлімі бастаса, «Көкжар» КМҚК мен «Қазақтелеком» АҚ аудандық торабы «Соғысқа шақырылғандар» тақырыбындағы көріністі бейнеледі. Аудандағы ауыл шаруашылығы саласындағы мекемелер «Тылдағы еңбек және Ш.Берсиев» туралы көріністі арнайы ат арбамен өтіп бейнелесе, аудандық қазынашылық басқармасы және аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет ететін ару қыздарымыз Әлия мен Мәншүктің бейнесін сомдады. Сонымен бірге медицина қызметкерлері майдан даласындағы әскери дәрігерлік көмек көрінісін нақты көрсетсе, аудандық электр желісі мекемесі мен аудандық электр қуатын есептеу мекемелері және бірқатар мекемелер Жеңіспен елге оралғандардың шексіз қуаныштарын бейнелеп, жеңіс шеруіне айрықша ат салысты.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.