ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСТАР АЛДА ДА ЖАЛҒАСАДЫ

Өткен сәрсенбі күні аудан әкімі Асқар Қазыбаев Ш.Берсиев атындағы округке қарасты Қарасу, Қаратал, Құмжарған ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Алдымен ауыл әкімі Нұрлыбек Шауменов тұрғындарға округ аумағында өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы міндеттерді жеткізсе, аудан әкімі Асқар Қазыбаев негізінен биылғы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Аудан басшысы ауыларалық жолдар мен елді-мекендерге ауыз су, әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерi, ұялы байланыспен қамту, типтік үлгідегі спорт алаңдарын салу, газ құбырын тарту сияқты ауқымды жұмыстар биыл да үлкен көлемде атқарылғалы отырғандығын мәлім етті. Соның бірі биыл Қараталға құны 262,7млн. теңге тұратын спорт зал ғимаратының жұмыстары басталды.
Ал Қарасуда халық игілігіне берілген ауыз су ішуге жарамсыз болып тұр. Себебі суды тазалау құрылғысы іске жарағанымен құм аралас су әзірге тұтынуға мүлдем келмейді. Жер аяғы кеңи салысымен бұл мәселені шешуге болатынын жеткізді. Аудан басшысы Құмжарғанның кіре беріс 3 шақырым жол бойынша осы жылы орташа жөндеу басталатынын айта келе, ауыл тұрғындарынан үйлердің сыртқы қасбетін әктеу, сырлау жұмыстарына баса мән беріп, тұрғындарды тазалықты сақтауға, сондай-ақ ауылдағы жұмыссыздық мәселесін жою үшін тұрғындарды мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақырды.
Кездесуден соң, аудан басшысы үш ауылда да тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдады.
Г.АБАЙҚЫЗЫ,
Ойыл-Қарасу-Қаратал-Құмжарған-Ойыл.

Басқа жаңалықтар