Мәдениет

Мәдениет қызметкерлері өз мерекелерін айрықша тап өтті

Күнтізбеде қызылмен белгіленбесе де, соңғы кезде пайда болған мерекелердің бірі – мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Бұл – шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің көрінісі. 

 

 

Ойылдағы барлық шараның басы-қасында жүретін аудандағы мәдениет қызметкерлері кеше өз мерекелерін ерекше атап өтті. Ерекше дейтініміз сол — биыл әдеттегі дәстүрден аттап, мерекелерін алдымен өз қызметкерлері арасында футбол мен волейболдан турнирмен бастады. Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында: «Мәдениет саласындағы жұмыс жаңа сапаға ие болуы тиіс. Өйткені, мәдениет қазіргі заманғы адамды қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететін әлеуметтік жаңғыртудың елеулі жиынтығы болып табылады» — деп көрсеткен болатын. Сондықтан, мерекені салауатты өмірмен ұштастырды. Аудандағы мәдениет саласының қызметкерлері айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталманы ғана емес, спортты да серік еткен салауатты жандар екенін дәлелдеді. Ал, түстен кейін мереке салтанатты шарамен жалғасты.

«Өнер – ұлттың жаны», — дейтін халық да­на­лы­ғына сүйенсек, кез-келген ел өнерімен, мәде­ниеті­мен танылып, бағаланатыны анық. Ал, өнер адамдары елдің рухын кө­теріп, адамзат баласына шексіз қуаныш сыйлап қана қоймай, халқы­мыз­дың мәдени талғамы мен танымын қа­лып­тастырып келеді. Аудан басшысы Дастан Жарылқасынұлы өз тілегін ауданның абыройы үшін уақытпен санаспай жүретін жандарға арнап, бірнеше қызметкерге алғыс хатын тапсырып, биыл әртүрлі мерейлі жасқа толып жатқан адамдарды да мереке күні құттықтады. Сый-сияпатын ұсынды. Сонымен қатар, облыстық «Мәңгілік елдің – мәдени мұрасы» халық шығармашылығы фестиваліне аудан өнерпаздарының қатынасуын жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін облыс бойынша «Үздік мәдениет үйі» номинациясы мен 100000 теңгенің сертификатын Ойыл аудандық мәдениет үйінің директорына табыстады. Сондай-ақ, түске дейін өткен мерекелік турнирдің жеңімпаздары да осы бір мерейлі сәтте жеңіп алған жүлделерін аудан әкімінің қолынан алды.

«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» басшысы Шамшырақ Жоламанова облыстық «Мәңгілік елдің – мәдени мұрасы» халық шығармашылығы фестивалінде жүлделі орындарға ие болған аудан өнерпаздарын марапаттаса, Мәдениет саласының ардагері, мәдениет қайраткері Амангелді Жұманов замандастары мен жас әріптестерін өздерінің төл мерекелерімен құттықтады. Мерекелік шара нағзы мерекелік концертке ұласты.

Басқа жаңалықтар