МәдениетСпорт

ЖАСТАРДЫҢ БАСТАМАСЫ – «ОЙЫЛ КУБОГІ»

Өткен демалыс күндері Ойыл селосының Бақаев көшесінде орналасқан спорт алаңында 1990-1991 жылғы туылған азаматтардың ұйымдастыруымен «Ойыл кубогі» атты шағын футболдан аудандық турнир өткізілді.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары М.Айдарбаев, аудандық мәслихат төрағасы С.Займолдин, спорт ардагері М.Арыстанов қатынасып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Турнирге он команда қатынасты. Осы турнирге аудандық мәслихат депутаты Өркен Ақеділов пен кәсіпкер Думан Жалғасбаев демеушілік жасады.
Турнир қорытындысы бойынша lll орынды 2008 жылғы түлектер алса, ll орынға 2012 жылғы түлектер қол жеткізді. l орынға 2010 жылғы түлектер командасы ие болды. Сонымен қатар, Шыңғыс Қабдығалиев турнирдің «Үздік қақпашысы» болса, Бектас Қайрошев «Үздік қорғаушы» деп танылды.
Нұрлан Ешімов «Үздік шабуылшы» номинациясына ие болса, турнирдің «Үздік ойыншысы» жүлдесі Нұрсұлтан Дәулетқалиевқа берілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы да қолдау білдіріп, үздік ойын көрсеткен 4 жасты алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтарын табыс етті.

Басқа жаңалықтар