ӘкімдікӘлеумет
Амангелді алдыңғы қатарлы ауылдардың бірі
Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың елді-мекендерді аралау сапары өткен аптада Көптоғай ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылында жалғасты. Амангелді ауылының тұрғындарымен кездескен аудан әкімі алдымен қысқы мал азығын даярлап алу керектігін ескертті. Сонымен қатар, бір кездері бұл ауылда басты проблемаға айналған мектеп, ауыз су мәселелері бүгінде шешімін тауып жатқандығын оған қоса қазірдің өзінде ел игілі үшін жасалынып жатқан бірқатар жасалған жұмыстарға тоқталып өтті.
Себебі азаттықтың ақ таңында тыныштықта өмір сүріп жатқан елде қозғалған әр мәселе бейжай қалмайтындығын, сырғыған жылдардың еншісіндегі шаруалардың оңды шешім табатындығына нық сенім қарау керектігін ашық айтты. Сонда ғана болашаққа деген бетбұрыс түзеліп, елдігіміз мәңгілік жасай беретіндігін нақты жеткізді. Амангелді жыл санап көркейіп, халықтың табиғи өсімі артып келе жатқан алдыңғы қатарлы ауылдардың бірі. Мұнда мектеп мәселесі шешімін тапқанымен, балабақша басты мәселе болып отыр. Өйткені мұндағы бала саны көңіл қуантады. Ауылда үй салу үрдісі қызып тұр. Малмен күнкөріс жасап отырған ауыл болғанымен, жаңашылдыққа ұмтылыс бар. Қазір ауылға шаштараз, монша, тойхана қажет. Одан бөлек ауыл тұрғындары көгілдір отын мәселесін де қозғады. Міне осындай ой-сауалдарға толыққанды жауап берген аудан басшысы Асқар Қайырғалиұлы айтылған ұсыныс пен қозғалған мәселе күн тәртібінен түспейтіндігін және көп қаражатты қажет ететін жұмыстар алдағы жылдардың еншісінде кезең-кезеңімен шешімін табатындығын айтты.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл-Амангелді-Ойыл.