Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану
Өткен аптада Ойыл аудандық сотында «Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану» тақырыбы бойынша сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде таныту сияқты мәселелердің маңызды тізбесі проблемалы болып табылатынын, сондай-ақ тіл саласындағы кейбір келеңсіз ақпараттар мен пікірлер де осы проблемалардың қатарынан орын алып отырғанын айтылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілді дамыту үшін әзірленген «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасында көзделген барлық іс-шаралар, мемлекеттік тілді, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін толыққанды қанағаттандыруға бағытталғандығын түсіндірілді.
Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, сұрақтарға толық жауап алды.
Г.ТАНКИЕВА,
Ойыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.