Әлеумет

Ауданда музей түні өтті

Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихи музейінің ұйымдастыруымен "Музей түні" атты іс-шара өткізілді. 

«Музей түні» әлеуметтік мәдени-білім беру жобасы. Дәл осы түні Музей түрлі жастағы, түрлі көзқарастағы адамдарды, түрлі ұлттар мен ұлыстарды тоғыстырып қана қоймай, көңіл көкжиегін кеңейтіп, төл мәдениетіміздің нәрінен сусындауға шақырады. Музей түнінің ойылдықтар мен аудан қонақтарына ұсынған бағдарламасы «Құмсай қорымы» және әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы Ә.Марғұланның — 115 жылдығына арналған «Қазақтың біртуар ғалымы» атты тақырыптық танымдық көрмелері болды. Аталмыш іс-шараға аудан әкімінің орынбасары М.Айдарбаев қатынасып, Музей түнінің бағдарламасы және жұмысымен танысты.

Басқа жаңалықтар