Әлеумет

Жақсыдан шарапат

Орынбор мұрағатынан алынған осы суретте ойылдықтар, оның ішінде ақын Ертілеудің суреті болуы мүмкін еді деген еді орынборлық бір қарт. Есімде қалған Ертілеудің жыр-толғауы төмендегіше басталатын еді:

Болады түс қайтқанда ұлы бесін,

Кім біледі бесіннің ерте-кешін.

Әлеумет, құлақ салып тыңдасаңдар,

Айтайын Ертілеудің әңгімесін.

Келемін Орынбордан арып-ашып,

Үстінде көк арбаның түсім қашып,

Осыдан аман-есен елге барсам,

Анашым қарсы алады есік ашып.

Қазақтың мен өлгенде несі қурар,

Хансұлу қарындасым, шешем жылар…

Осы жыр-толғауды білетіндер болса, Ойыл газетіне хабарласса жақсы болар еді.

Ертілеу (туған-өлген жылдары белгісіз, Батыс Қазақстан облысыЖаңақала ауданы) — 19 ғасырда өмір сүрген қиссашыл ақын. Заман, өмір құбылыстары жайлы өлең, жырлар толғаған. Ауруға шалдығып, жастай қайтыс болған. Өлер алдында елін, жерін қимай қоштасқан өлеңі ел арасына кең тараған. Бұл өлеңнің бірнеше нұсқасы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы (kk.wikipedia.org/wiki/Ертілеу) .

Орынбор қаласы, Е.Е. Блехманның фотосы. Жұмысшылар факультетінде оқыған қазақ жастары. 1927 жыл

(Сурет Орынбор архивінен алынды).

Табыл Құлыяс

Астана қаласы.

Басқа жаңалықтар