Әлеумет

«Түнгі музей» тарихтан сыр шертті

Тарихқа «Музейлердің ұзақ түні» деген атпен енген «Музей түні» алғаш рет 1997 жылы Берлин қаласында өтті. Мереке идеясы әлдеқайда бұрынырақ, 1970-жылдары Еуропада музейге келушілерге дәстүрлі түрде тегін аралып шығуға есік ашатын. Ол кезде ол акция «Музей көктемі» деп аталып, мамыр айында өткізілетін. Ал 2001 жылдан бастап Парижде «Халықаралық музей күні» 18 мамырда өткізіліп келеді, бұл күні көрмеге еркін кіру үшін көрмелер ашық болады. Кейіннен акцияларға тақырып бере бастады. Мереке Еуропаның басты астаналарында шапшаң өріс алды.

Осы орайда өткен аптада «Музейлер шеруі» жалпы республикалық акциясы аясындағы «Рухани жаңғыру» қоғамдық жаңғырту бағдарламасын іске асыру мақсатында музей қорында археология саласы бойынша жинақталған жәдігерлерден «Музейдегі түн» жобасына орай «Жәдігерлер – тарих айнасы» атты тақырыптық көрмесі аудан тұрғындарымен мектеп оқушыларына таныстырылды. «Музейдегі түн» жобасы аудан тұрғыны Талия Өскенбаева музей қорына жәдігер табыстаудан басталды. Одан кейін мектеп оқушылары мен студенттер Музей залдарын аралады. Сағат тоғыздан кейін мекеме қызметкерлері де Музейге қарай ағылды. «Түнгі Музейді» тамашалаушыларға Ш.Берсиев атындағы өнер және өлке тарихы музейінің қызметкері Дулат Исабаев Музей залдары бойынша экскурсиялар жүргізіп, тақырыптық лекциялар оқыды. Сонымен бірге өлкеміздің тарихи жерлері бейнебаян арқылы көрсетілді. Осылайша түнгі Музейді тамашалаушылар туған өлкенің тарихымен танысып, түрлі деректерге куә болды.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар