Әкімдік

Тұрғындар тарапынан бір қатар мәселелер шешімін тапты

Жуырда аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы  Ойыл селолық әкімшілігінде аудан тұрғындарын алаңдатқан мәселелері бойынша  жеке қабылдау жұмысын жүргізді. Қабылдауға ауданымыздың біршама тұрғындары түрлі мәселелері бойынша келді. Онда тұрғындар пәтер алу, жұмысқа орналасу секілді мәселелерді көтерді. Аудан әкімі  Асқар Қайырғалиұлы қабылдау барысында  азаматтардың сұрақтарымен өтініштерін байыппен тыңдап, әр мәселеге тоқталып, азаматтардың кейбір өтініштері бойынша мекеме басшыларына сөз кезегін беріп, олардан жауап беруін талап етті. Аудан әкімінің нұсқауымен мекеме басшылары азаматтардың көкейінде жүрген сұрақтары мен арыз-шағымдарына өз деңгейлерінде жауап берді. Қабылдауда тұрғындардың өтініштерінің ішінде мекеме басшыларының берген жауаптарының негізінде  шешімін тауып, оң нәтижесін берген сұрақтарда болды. Кейбір шешімі табылмаған мәселелер бойынша мемлекеттік заңдылықтарына сүйене отырып, жеке бақылауына алып күн тәртібінде мекеме басшыларымен бірге қарайтындығын жеткізді.

P.S.
Келесі күні Республика көле-мінде «Nur Otan» партиясы төра-ғаларының жергілікті тұрғын-дарды қабылдау күніне орай аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының төрағасы Асқар Қазыбаев аудан тұрғындарына жеке қабылдау күнін өткізді.

 Асел Сисенова,
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар