Әлеумет

Марапатқа ұласқан мереке

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

Осы орайда өткен аптада Қазақ-стан Республикасының «Тұңғыш Президенті күні» ауданымызда «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» атты мәдени көпшілік шарамен кең көлемде аталып өтті. Айтулы шара-ның шымылдығы қазақ халқының ынтымақтастығын жарастырып, бүкіләлемдік тыныштыққа, дүние-жүзіндегі халықтар мен мемлекеттер арасындағы келісімге, әлемдік мәдениетті, бейбітшілікті арттыруға сүбелі үлес қосып, жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырған елдің болашағын айқындап, экономиканың өрлеуіне ерекше серпіліс берген Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы толықтай қамтылған бейнебаянмен түрілді. Алғаш болып құттықтау тілегін жеткізген аудан әкімінің орынбасары Асылан Кенжебаев атаулы мере-кеге орай зейнеткерлік шағында ұлттық өнерімізді, салт – дәстүрімізді насихаттап, жас ұрпақтың бойына сіңіруге,  мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген Халықтық «Ақ әже» ансамблінің белді мүшесі Ұлмекен Шаймақова әжемізді 70 жас мерей-тойымен құттықтап, аудан әкімі атынан алғыс хатын табыстады. Айрықша атап өтсек,  Қазақстан Республикасы Президентінің 2019  жылғы  4 қарашадағы  №202  Жар-лығымен жеті және  одан да  көп  бала дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін  Ардақ Амантаеваға «Алтын алқа», Эльвира Бақтыгереева, Ақмарал Болатбаева, Жұмагүл Жұбаназа-роваларға «Күміс алқа» тағылды. Әрі қарай, Тәуелсіз Қазақстанның Рухани және Әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Құрман орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әсемгүл Мыса-ғалиева мен Ойыл балалар музыка мектебінің мұғалімі Бибігүл Қаш-қыноваға
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің «Құрмет Грамотасы» табысталса, көп жылғы еңбегі және Білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбие-леуге қосқан үлесі мен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің алғыс хатымен Ақшатау орта мекте-бінің директоры Бекжан Қарасаев, Қарасу негізгі мектебінің бастауыш сыныптар мұғалімі Ләззат Аман-ғалиева, Ш. Берсиев орта мектебінің биология пәні мұғалімі Қаламқас Мақсұт, Саға мектеп балабақ-шасының математика пәні мұғалімі Ләззат Бікірова, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының даярлық сынып мұғалімі Надежда Голикова, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Сағыныш Дабылова-лар марапатталды. Сондай-ақ, 1 желтоқсан – Қазақстан Республи-касының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай, ауданның дамуы жолында тынымсыз тер төгіп келе жатқан әр саланың мамандарына аудан әкімінің алғыс хаттары берілді. Сонымен қатар мереке қарсаңында мемлекеттік қызметші «Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас мама-ны Қуаныш Бегалы Мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің антын қабыл-дады.
Келесі кезекте еңбек ардагері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сарсенбай Аманғосов тұтастай қазақ жұртын «Мәңгілік елге» айналдыру жолында бар күш жігерін сарықа жұмсаған көреген көшбасшының қашанда үлкен құр-метте лайық санаса, «Жастары-мызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек» деп Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп  жариялаған болатын. Осы орайда Тұңғыш Президентімізбен жүздескен жас маман, жастар ресурстық орталығының психологы, белсенді жас Нұрсұлтан Жумин жүрекжарды тілегін білдірді. Марапат-қа ұласқан салтанатты шара соңында аудан өнерпаздары мерекелік кон-церттерін тарту етті.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар