Әлеумет

«Музейдегі қос қуаныш»

Жуырда Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейіне екі ақжолтай хабар жетті. Бірі — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына- 2021» онлайн фестиваліне қатысқан Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің ғылыми қызметкері Дулат Исабаев «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» номинациясы бойынша республикалық кезеңге жолдама алды.
Республика  бойынша фестивалге музей мекемелері мен  қызметкерлерінің 60 шақты портфолиосы дайындалып ұсынылған еді. Үміткерлердің жұмыстары арнаулы әлеуметтік желіде тікелей эфирде арнайы комиссия отырысында талқыланды. Музей саласындағы мол тәжірибесінің арқасында республикадағы ірі музейлердің қызметкерлерімен тең келіп, ауданымыздағы Шығанақ Берсиев музейінің атын танытуа бірқатар еңбектенген Дулат Бітімбайұлының еңбегі жоғары бағаланды. Осы фестивал аясында музей ісінің   ғылыми тұрғыда баяндалуы, насихатталуы, ауданның мәдениет деңгейі музей арқылы көрініп, музейде жинақталатын құндылықтарды,  музей қорындағы жәдігерлердің сақталуы мен қайта қалпына келтіру жұмыстарының, музей қорының цифрландырылу істеріне   белсенділікпен, аса ұқыптылықпен атқарған еңбегі де еленді.
Нәтижесінде Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» облыстық фестивалында Дулат Исабаев Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисованың қолынан «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» номинациясы бойынша диплом және елу мың теңгенің сертификатын алса, мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесіне орай,  осыф музейдің қызметкері Медет Құлмұқановқа Отанымыздың мәдениетін дамытуға, оның тарихи мұрасын сақтау мен  арттыра түсудегі еңбегі үшін басқарма басшысының Алғыс хаты және 30 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Басқа жаңалықтар