Әкімдік

Жаңа заңның ерекшелігін ескертіп, тұрғындарды қабылдады

Жуырда ғана «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалған Ербол Данағұлов өзінің алғашқы жұмыс сапарын Ойыл ауданынан бастап, аудан тұрғындарымен кездесті. Бірінші кезекте «Nur Otan» партиясының  Ойыл аудандық филиалына барып, ондағы қызметкерлермен танысып ғимараттың ішімен танысып шықты.
Одан кейін Тәуелсіздік күні қарсаңында болып жатқан жәрмеңкеге ат басын бұрын, онда шаруашылық жетекшілері және тұтынушылармен тілдесті. Сонымен қатар мереке қарсаңында өткізіліп жатқан айтулы шара яғни, 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне байланысты Ойыл аудандық мәднениет үйінде өткен шараға қатысты. Ары қарай тұрғындармен ашық кездесу жүргізіп, барынша халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап қатты.  Кездесу барысында Ақтөбе облыстық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бибігүл Бисенғалиева тұрғындарға негізінен Атаулы әлеуметтік көмек пен көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақы жайын түсіндірді. Яғни, 2020 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін заңдағы өзгерістер туралы баяндады. Аудан тұрғындарының тарапынан осы тақырыпқа байланысты сұрақ қойған азаматтарымыз да болды. Дей тұрғанмен  Бибігүл Бисенғалиева тұрғындарымыздың көкейінде жүрген сұрақтарға барынша жауап беріп, ашық түсіндіруге тырысты.
Ал, Ербол Жеткергенұлы тұрғындардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, партия басшылығының алға қойған міндеттері мен партия мүшелерінің жауапкершілігі, белсенділігі жайлы мәселелерге ерекше тоқталды. Кездесу соңынан тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Әсел СИСЕНОВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар