Әкімдік

«Біз біргеміз!»«Nur Otan» партиясының республикалық акциясы

«Nur Otan» партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғызбасты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін «BizBirgemiz» акциясы ұйымдастырылған болатын.

Игі іске «Nur Otan» 150 млн. теңге бөліп, партияның орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері қосымша өздерінің бір күндік жалақысын аударды. Республикалық акция барысында Ойыл ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы А.Қазыбаев, «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Займолдин, аудандық мәслихат хатшысы Е.Жиеналин, аудандық мекемелер, ауылдық округтер, «Nur Otan» партиясының мүшелері және «Jas Otan» ЖҚ-ның еріктілер тобы аудан орталығында көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қариялар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға азық-түлікпен көмек көрсетті. Нәтижесінде көпбалалы отбасыға, қарияларға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға барлығы 110 отбасыға көмек көрсетілді. 

Сакен ЗАЙМОЛДИН,
«Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Басқа жаңалықтар