Әлеумет
«Біз біргеміз» саябағы салынуда
Біздің ауданымызда соңғы жылдары «Туған жерге тағзым!» акциясы қарқынды жүзеге асып келеді. Әсіресе балалар ойын алаңдары мен воркауттар, саябақтар әр көшелердің көркін келтіруде. Одан басқа «Туған жерім - тұғырым» - дейтін жерлестеріміздің туған жерге тарту еткен игі істерінің барлығына әрдайым куә болып келеміз.
Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты бүгінгі қиын жағдайды бастан кешіп жатқанымыз белгілі. Алайда жерлестеріміз ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдан келген көмектерін беруден аянып қалмауда. Осынау киелі өңірде дүниеге келген 1972 жылы туған балғындар бірі бүгінде әр саланың тізгінін ұстап отырса, бірі өмірде өзіндік жолын тапқан тұлғаға айналды. Міне осы 1972 жылы туылған азаматтар жұдырықтай жұмылып, аудан орталығында «Біз біргеміз» саябағын салуда. Бұл саябақтың салынуы селоның көшесіне көрік бермек. Айта кетсек, алтын бесігінен алыста жүрген азаматтар да қаржылай көмектерін көрсетіп жатыр.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.