ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ҚОҢЫРСАЙДАҒЫ ҚҰРМЕТ ІНІЛЕРДІҢ ІЛТИПАТЫ

Көптоғай қашанда кішілік пен кісіліктің дәстүрі үзілмеген ауыл. Бар саналы ғұмырын осы өңірге арнаған азамат – Тілекбай Әміров жуырда 63 жасқа толды.

Өткен жексенбі күні Нұралы Аймұқанов бастаған сыйлас інілері ағаға деген ізетті үлгілі іспен ұштастырды.
Бүгінгі күні елдің аманатын арқалаған аудандық мәслихаттың депутаты Тілекбай ұзақ жыл шаруашылықтың бас маманы болып, 2002 жылдан бері өзі құрған «Идеят» шаруа қожалығын басқарып келеді.

Ауылдың әлеуметтік мәселесіне ұдайы қол созып келе жатқан кәсіпкер бүгінде бес отбасыны тұрақты жұмыспен қамтып отыр. «Сыйға сый, сыраға бал» дегендей, қиналғанда қолұшын созып, демеу болған азаматтың шапағатын көрген інілері өткен жексенбі күні Тілекбайға кілем жауып, ат мінгізді.

Жеңісбек Құрманбаев ағасының қолына сағат тақты. Қабалхан Жарылхан деген замандасы да өзінің сыйын ұсынды. Бір сөзбен айтқанда, бір кездері Қоңырсайдағы жапан түзге ту тіккен Тілекбайдың ауылы нағыз думанға бөленді.

Тілекбайдың өзі болса, інілеріне ізгі лебізін білдірді.
Әрине, мәселе сыйлықтың көлемінде емес, сыйластықтың шеңберінде. Тілек (ел осылай айтады) үшін інілерінің ілтипатының өзі бір төбе.

Басқа жаңалықтар