Білім

Ойылдықтар онлайн байқаулардан да озып тұр

Елімізге төтенше жағдай енгізілгелі бері барлық білім беру орындары онлайн режимге көшті. Қоғам тұтастай өтенше жағдай тәртібін сақтады. Ақпараттық технология дамыған зайырлы мемлекеттік зиялылары ғылым мен білімнің даму қарқынын кейінге ысырған жоқ. Керісінше онлайн режимде алға ұмтылып, интернет арқылы ізденуге жол ашты.

Осы орайда Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Гүлжанат Маханованың жетекшілігімен бірнеше балғын өнерпаздар Жеңістің 75 жылдығына арналған дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн түрде өткізілген республикалық өнер байқауына қатысып, бақтарын сынаған болатын. «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша 9-11 жас аралығындағы өнерпаздар арасынан Аян Қуандықұлы, 11-13 жас аралығында Біржан Жанболатұлы, дуэт номинациясы бойынша Күнзада, Жұлдызай Нұрмағамбетовалар жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Өнерпаз өрендердің жетістігі өздерінің ғана емес жетекшілерінің де мерейін өсірді. Нақтырақ айтсақ, аталған өнер байқауында Гүлжанат Ғаділшеқызы «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Осылайша оза шапқан өнерпаздар онлайн түрде болып өткен байқауға демеушілік көрсеткен «Nur-Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдинге алғыстарын білдірді.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар