ӘкімдікБасты тақырып
Ырғызбай Қосдәулетов – Қайыңды ауылдық округінің әкімі!
Кеше "Шұғыла" мәдениет және демалыс орталығында Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлауға аудандық мәслихат депутаттары, аудандық сайлау комиссиясының мүшелері, кандидаттардың сенімді өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Бисекенов таңдаушыларға дауыс беру тәртібін түсіндірді. 10 депутат өз таңдауларын жасады. Дауыс беру барысы аяқталған соң, комиссия мүшелері арнайы урнадағы дауыс беру парақтарын кандидаттардың сенімді өкілдерінің көзінше санап, комиссия төрағасы сайлаудың қорытындысын жариялады.
10 депутаттың 9-ның дауысына ие болған Ырғызбай Қосдаулетов Қайынды ауылдық округіне әкім болып сайланды. Сайлау соңында жиынға төрағалық еткен аудандық мәслихат хатшысы Еркін Жиеналин Қайыңды ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған Ырғызбай Төлеуұлының қызметіне сәттілік тіледі.