Әлеумет

Амангелді жігіттерінің ауданға үлгі болар істері көп

Аудан орталығына 18 шақырым Амангелді ауылы ауданның ең үлкен елді мекені. Халық саны тұрақты, 100 ден аса түтін бар. Оқушылар жеткілікті. Бүлдіршіндердің саны көңіл қуантады. Демографиялық динамикасы жақсы. Тіпті, мектептегі бала саны кейбір ауылдық округтің орталығынан артық.
Сондықтан да, шағын ауылдардың ішінде алғашқы болып ауыз су жүргізілді. Жаңа медпункт салынды. Екі қабатты сәулетті мектебі де бар. Тек, амангелділіктерді алаңдататын мәселе – қысқы жол қатынасы. Әрине, төте жол картада жоқ. Сондықтан, тіке жол салынбайтыны түсінікті.
Әсіресе, жеке тұрғындардың жыл сайын үй салуы ауылдың келбеті мен халық санына үлес қосып келеді. Тағы бір сүйсінетініміз – жастардың ұйымшылдығы, ауызбірлігі. Жаздай бөлек-бөлек бригада құрып, ауданға, қалаға барып құрылыс жұмыстарын атқарып табыс табады. Демек ерінбеген адамға жаздай кәсіп бар дегенді ағалары бастап, інілері қостап, іспен үлгі болып отыр. Жыл сайын жағымды жаңалықтарымен қуантып отыратын ауылдың жігіттері биыл да үлкен істерді қолға алды. Бұл біріншіден баланы үкіметке алақан жайып отырмай, еңбекке баулу болса, екіншіден балаларының нәпахасы.

Басқа жаңалықтар