Әлеумет

Жердегі ылғал — көңілге демеу

«Көктемнің әр күні – жылға азық» - деген даналықтың біздің өңір үшін де маңызы зор. Әрине, бұрынғыдай атшаптырым егіс алқабы жоқ. Өйткені, бірнеше жыл қатарынан соққан қуаңшылық шаруалардың бетін қайырып, «тауын шағып тастады».

Дегенмен, «Үмітсіз шайтан ғана» — деген қағидаға сүйенсек, шаруашылықтардың аймақтың табиғатына қолайлы, қуаңшылыққа төзімді тары егуге ұмтылысы қолдауға тұрарлық.
Өткен жексенбі күні аудан әкімі Асқар Қазыбаев түренін сайлап, ауа-райының қолайлы күндерін пайдалануға тырысып, көктемгі далалық жұмыстарға кірісіп кеткен шаруашылықтардың жұмысымен танысты. Яғни, Шәңке егіс алқабында болып, тары егуге жерін дайындап жатқан «Ақжол-М» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Биылғы жоспарланған егіс құрылымында  қуаңшылыққа төзімді дәнді дақыл тары 2000 гектарға, оның ішінде 20 гектарға суармалы тары, 100 гектарға майлы дақыл (мақсары), 100 гектарға картоп, 105 гектарға көкөніс, 50 гектарға бақша және 3 га алқапқа алма көшетін отырғызу жоспарланып отыр.
Аудан бойынша өткен жылы ағымдағы жылдың егістігіне дайындалған жер көлемі Қараой а/о «Қараой» ш/қ 500 га, «Барыс» шқ  50 га, Жақып шқ 50 га барлығы  600 га алқап өңделді, бұл дегеніміз биылғы егіс құрылымының 30 пайызы., қосымша бүгінгі күнге 40 га  жер жыртылып, 200 га алқапқа ылғал жабылды,  көктемгі далалық жұмыстарын Жақып, Барыс, Жиенбек, шаруашылықтары бастап жүргізуде. Көктемгі далалық жұмыстары жалғасуда, дән себу мезгілінде басталатын болады.
Қазіргі таңда шаруашылықтар  ағымдағы жылдың  егістігіне қажетті  тұқымымен  қамтылған. Аудан бойынша көктемгі далалық егіс жұмыстарына қажетті 30 тонна дизель отынына «Батыс- Жер» ЖШС-не  сұраныс берілді. Бүгінгі таңда 20 тонна дизель отынына шаруашылықтар келісім шартқа отырып, тасымалдап жатыр. Көктемгі далалық жұмыстарға қатынасатын тракторлар мен ауылшаруашылық техникалардың аусымдық нормаларын есептей келе аудан бойынша ылғал жабу жұмыстарына 8 күн, тұқым себуді  күнге шаққанда дәнді дақылдар егістігін  15  күн қысқа  мерзімде аяқтауға мүмкіндік бар деп есептейміз. Көктемгі далалық жұмыстарды ауа райының қолайлы мезгілдерін тиімді пайдаланып егіс себу науқанын ауданның климаттық жағдайына байланысты, агротехникалық шараларды мезгілінде жүргізе отырып, қысқа мерзімде егіс себу науқанын аяқтауды көздеп отыр.

Басқа жаңалықтар