ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ЖАСҰЛАН – «ҮЗДІК АУЫЛ ИМАМЫ»

Жуырда «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен «Дін саласының үздігі-2023» облыстық байқауы өтті. Байқауға Ақтөбе облысының 9 ауданы мен қала бойынша 25 дін саласының мамандары қатысып, бақтарын сынады.

Аталған байқау 6 номинация «Үздік дін орталығы-2023», «Үздік теолог-2023», «Үздік психолог-2023», «Үздік ауыл имамы-2023», «Үздік аудан имамы-2023», «Үздік қарсы насихат парақшасы-2023» бойынша өткзіліп, үздіктер марапатталды. Оның ішінде Ойыл ауданынан қатысқан Қараой ауылдық мешітінің имамы Жасұлан Асқар «Үздік ауыл имамы-2023» атанды. Жеңімпаздарды Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, мәслихат депутаты Марат Қойлыбаев және Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы марапаттады. Үздік ауыл имамы атанған Жасұлан Асқарұлын жеңісімен құттықтаймыз!

Related Articles

Back to top button