ӘлеуметБасты тақырып
Өмірі өнегеге толы жан
Өткен сенбіде көп балалы ана, еңбек ардагері Жансұлу Сәттібаева 90 жасқа толды. Қарт анамызды оның жақын-жуықтары, ағайын-туыс балалары ғана емес, аудан әкімі Асқар Қазыбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Аманғосов, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Аталғалиев арнайы құттықтап барды. Тоқсанның төріне қадам басқан Жансұлу әжемізге жылы лебіздерін жеткізді. Жалпы қазақта «әдемі қартаю» деген тіркес бар. Бұл тіркес тура бір Жансұлу әжемізге айтылғандай! Бүгінде әдемі де, абыройлы қарттыққа жетіп отырған қарт анамыздың жүрісі әлі де ширақ. Өмірі өнегеге толы әжеміз құттықтай келгендерге ақ батасын берді.
Жансұлу Сәттібаева 9 құрсақ көтерген. Бүгінде ұл-қыздарынан өрбіген 20 немере сүйіп отыр. Ұзақ жылдар аудандық мал дәрігері бөлімінде лобарант қызметін жасап, зейнеткерлікке шыққан. Жолдасы, (марқұм) Ұлы Отан соғысының ардагері, Каримолла Сәттібаев сауда саласында, аудандық тұтынушылар одағында басшылық қызмет атқарған. 44 жасында науқастанып, дүиеден озған. Әйтсе де Жансұлу әжеміз ұл-қыздарын жеткізіп, тәрбиелеп, өсірді. Қазіргі таңда балалары Қонақбай, Арман Сәттібаевтар жоғары лауазымда қызмет атқарып жүрген, ауданымыздың абыройлы азаматтары. Кеңірек тарқатсақ, Арман Сәттібаев төтенше жағдайлар бөлімінде қызмет етіп, зейнеткерлікке шықты. Ал, Қонақбай Сәттібаев Ойыл селолық округінде қызмет атқарып жүр.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.