Білім

Асыл қасиеттің арқауы

Жақсылық жасау адамгершіліктің бастауы. Биылда 12-қаңтар мен 12-ақпан аралығында дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» ақциясы өз жалғасын тапты. Құрман орта мектебінде акция қарсаңында құрылған комиссия мүшелері біраз жұмыстар атқарды.

Мейірімділікті насихаттау, көмек қажет ететін балаларға қолдау көрсету барысында мектеп мұғалімдерінің қолдауымен 10 оқушыға оқу-құралдарынан және бір оқушыға қысқы аяқ киімнен көмек берілді. Біз бұл шара арқылы жас ұрпақтың бойында жақсылық жасау қасиеттерін оятып қана қойған жоқпыз аталмыш акцияға аз да болса өз үлесімізді қостық.

Э.ҚАЛДЫҒҰЛОВА,

Құрман орта мектебінің әлеуметтік педагогы.

Басқа жаңалықтар