ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Шағымның тәртібі – сақталуы да сын!
Өткен жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Ақтөбе облысы бойынша басқармасымен бірігіп мобильді топ құрылған болатын. Топтың мақсаты - «Қоғамға тиімді шағым» жобасы бойынша тұрғындардың өтініштерін, арыз-шағымдарын қарау, және мемлекеттік орган басшыларының жеке қабылдауларын ұйымдастыру тәртібін түсіндіру.
Осыған байланысты өткен аптада округ әкімінің уақытша міндетін атқарушы Нұрзия Ертемированың қатысуымен Қаратал селолық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу болды.Онда аталмыш комитеттің Ойыл ауданы бойынша заңдылықты қадағалау жөніндегі өкілі Айдар Әлімжанов топтың жұмысы жөнінде қысқаша баяндап, мақсатын, барысын түсіндірді. Сонымен қатар тұрғындардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сарып сарсаңға салған ауылдың жалпы сұрағы малдан қан алудың шарттары, соның ішінде сау малдан алу, және қайталап алу секілді жұмыстар болды. Бұл жөнінде Айдар Әлімжанов заң жолымен қадағалайтынын, егер заңға қайшы әрекеттер болса, шарасын алып, заңсыз әрекет жасап отырса, түсінік жұмыстарын жүргізетінін айтты. Аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мен ауылдық округ әкімі аппараттарына түскен арыз-шағымдардың қаралуы бойынша аудан әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қыдырғали Жақасов ақпарат берді.
Жиында ауыл тұрғындарының айтқан тазалық, тәртіп, тағы өзге де мәселелер жөніндегі ұсыныстары мен өтініштері жауапсыз қалмайды. Кездесуден соң қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың талабымен танысқан мобильді топ алдағы уақыттарда ауылдық округтерде осындай кездесулерін жалғастырады.