Басты тақырыпМәдениетРухани жаңғыру
Келелі кездесу, ашық әңгіме
Жуырда аудан әкімі Асқар Қазыбаев жуырда ғана ашылған аудандық орталық кітапханадағы «Коворкинг» орталығында Ойыл селосындағы бір топ еңбек ардагерімен кездесті. «Коворкинг» орталығында тұрғындардың демалып, кітап оқып, болмаса компьютер арқылы интернет желісінен ақпарат алуына барлық мүмкіндік жасалған.
Кездесу басталғанша кітапханашылар еңбек ардагерлеріне шәй ұсынып, емен-жарқын әңгіме құруларына мүмкіндік жасаса, аудан басшысы да ауыл үлкендерімен кездесу үшін осындай жолды таңдапты. «Сценарийі құрылмаған» кездесуде алдымен Асқар Қайырғалиұлы соңғы уақыттағы, оның ішінде биылғы жылы аудан бойынша атқарылған жұмысты тізбелеп өтті. Әрине, соңғы кездергі эпидемиологиялық ахуалға байланысты аудан басшыларының мұндай кездесуі үзіліп қалғаны да жасырын емес. Әсіресе, қазіргі таңда ауылдық жерлердегі елді-мекендерді абаттандыру жұмыстарына айрықша тоқталды. Мәселен, биыл аудан бойынша 14 көшеге асфальт жамылғысы төселсе, оның 9-ы ауылдық округтердің орталығында. Ойыл ауданында ауыз су мәселесі толық шешімін табуға жақын.
Ал, еңбек ардагерлері болса, өз кезегінде мал азығы, малдың күтімі, ауылдың тазалығы туралы ойларын ортаға салды. Ұсыныс-пікірлерін айтты. Кездесу соңында аудан әкімі бір топ еңбек ардагеріне облыстық ардагерлер кеңесінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хатын» табыстады.