ӘкімдікБасты тақырып

Сандар мен деректер Статистика күні аталып өтті

Биыл бұл саланың құрылғанына 100 жыл толды. Тамыры тереңде жатқан сала ауданның даму көрсеткіштерін тарих беттеріне тізбектеп келеді.

Осы орайда өткен жұмада ауданда «Статистика күні» аталып өтті. Айтулы күнді елеусіз қалдырмаған аудан әкімі Асқар Қазыбаев аудандағы Статитика саласының қызметкерлерімен бірге осы саланың зейнеткерлерімен арнайы кездесті. Оларды ғасырлық мерейтойларымен құттықтап, алғыс хаттарын табыстады. Ақжарма тілектер мен ыстық лебіздер айтылды. Сондай-ақ зейнеткерлер аауданның қиын-қыстау кезеңдеріндегі статистикалық деректерін еске түсіріп, бүгінгі күнге шүкір ету керектігін жеткізді. Расында «Жұтаған шүкірге тоймайды» дегендік емес, ауданның қазіргі даму көрсеткіші жоғары. Оны салада 25 жыл қызмет еткен сала ардагері Жалғас Мусинде жақсы біледі. Сондықтан ауданның өткен кезеңінен сыр шертті. Сарғайған тарих беттеріндегі, яғни қалтқысыз қызмет еткен 25 жылдың ішіндегі сандар мен деректерді әлі де ұмытпапты. Сөз соңында барлық әріптестерін бір ғасырлық мерекесімен құттықтап, осылайша еңбектерін елеп жатқан аудан әкіміне алғысын жеткізді.

М.ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар