Сұхбат

Шынар Нұр-Сұлтан қаласына барып келді

Жаз бойы ауданды абаттандыру, көгалдандыру мақсатындағы жұмыстар атқару үшін Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ықпалымен "Жасыл-ел "жасақшылары ауданымызда құрылған болатын. Жасақшылар маңдай тер төгіп, ауданымызды, ауылдарымызды қоқыс пен қажетсіз заттардан тазартты. Бұның бәрі елдің мүддесі үшін ауданымыздың тазалығы кепілдігі. Әр адам өз туған жерін қоршаған ортаны таза ұстаса нұр үстіне нұр болмақ. Елге еткен еңбегі үшін Жасыл ел жасақшыларының ішінен үздігі анықталып "Жасыл-ел" еңбек жасақтарының қатарында белсенділік танытып, туған өлкемізді абаттандырумен көгалдандыру да қосқан үлесі үшін Бекболат Шынар Бекболатқызы Облыс әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлынан сертификат алып, Елордамыз Нұрсұлтан қаласына жолдама алған еді. Бұл жолдама еліміздің жүрегі болған, даламыздың көркі болған еңселі Елордамызды тамашалау, саяхаттау мақсатында берілді. Облыс бойынша үздік үш аудан анықталып,біздің ауданнан жасыл ел жасақшысы ие болды. Жасыл ел жасақшылары Үздік болған Шынарға еңбекте табыс, оқуда озат болуын тілеп шығарып салған болатынбыз. Нұр-Сұлтан қаласына үш күндік сапары сәтті болып Шынар оралған болатын. Бас қаламыздың қызықты жерлерімен,жақсы жаңалықтарымен бөліссін деп Шынарға жолыққан едік.

— Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алдың деп сізге хабарласқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

— Саламатсыздар ма, таң қалып қуанышымда шек болмады! Алдымен әкеме ескерттім де, рұқсатын алып бәріне жария еттім, және де осы жұмыс жасағаныма қуандым.

-Бас қалаға үздіктердің үздігі баратынын білесіз. Неліктен сізді осы жолдамаға ұсынды деп ойлайсыз?

— Өйткені мен бұл жұмысты өз жауапкершілігіме алып өзімді сол жұмысқа аянбай тер төктім деп ойлаймын! Жұмысқа деген қызығушылығым өте жоғары болды десе де болады.

-Жасыл ел жасақшыларының қатарында болу, жұмыс жасау қаншалықты маңызды? Қандай іс атқардыңыздар аудан, ауыл-аймақ үшін?

— Елімізді көгалдандыру мақсатында біз ағаш көшеттерді отырғызып суарған болатынбыз. Бұнда бізді және жастарды еңбексүйгіштікке, еңбекке, тазалыққа, ауызбіршілікке жетелейді. Ауданымыздың көшелерін, өзен-көл жағалауларын, сай астын қалдықтарын тазаладық.

 -Нұр-Сұлтан қаласына бару, ол жақта үш күн саяхат жайлы айтып берсеңіз?

— Қазақстанның астанасы таңғажайып көркем қала. Мен бірінші рет барып тұрмын осы Жасыл ел бағдарламасы бойынша. Біз алдымен Нұр-Сұлтан қаласына кіріп келе жатқан сәттен бастап тамсанып  қарадық. Ол өте үлкен қала екен. Онда сол жақ және оң жақ жағалау деп екіге бөлінеді. Яғни, Есіл өзені қаланы екіге — оң жақ жағалау мен сол жақ жағалауға бөліп тұр. Сол жақ жағалауда баршамызға танымал Нұр-Сұлтан қаласының көрікті орындары орналасқан. Біздер алдымен Есіл өзенімен таныстық, ол жағалаудың қасында биік-биік үйлер мен мұнараларды көрдік. Одан ары қарай Бәйтерекке бардық. 97-метрлік Бәйтерек  – астанамыздың символы, Самұрық құсы туралы ежелгі аңыз негізінде жүзеге асырылған алып мұнараға көтерілсеңіз, Нұр-Сұлтан қаласы алақаныңызда тұрғандай көрінеді. Басқа да жерлерді  айта кететін болсақ, жалтыраған көкшіл сфера пішініндегі болашақ энергия мұражайы –  Нұр-Әлем дүниежүзілік Экспо-2017 көрмесінің мұрасын, ғимарат ішінде жағажайы бар, әлемдегі ең биік шатыр – Хан Шатыр сауда және ойын-сауық орталығы. Оң жақ жағалаудың кең көшелері, жаңа ғимараттарға толы аумағында Орта Азиядағы ең үлкен әрі салтанатты мешіт Хазірет Сұлтан мешітіне, жылтыраған пирамида пішініндегі Бейбітшілік және Келісім сарайына, Ұлттық мұражайы және де Океанариум мен Джунглий саябағы, Назарбаев музейіне бардық. Үш күннің ішінде біз біраз мәлімет алдық деп ойлаймын. Осы Нұр-Сұлтан қаласына баруыма себепкер болған «Жасыл ел» бағдарламасына алғысым шексіз.

— Алдағы уақытта сіз секілді еңбек етіп үздік атанғысы келетін жастарға қандай кеңес бересіз? Еткен еңбек еленетініне айқын көзіңіз жетті ме?    

— Ерінбей еңбек етіп, берілген тапсырманы мүлтіксіз орындау қажет. Еңбек ол әр кезде де бағаланады.

— Сұқбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Нұрсұлтан Жумин,
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының маманы.

Басқа жаңалықтар