Әкімдік

Тәуелсіздік күні – «Мәңгілік Елдің» маңызды мерекесі

ТӘУЕЛСІЗДІК — ТҮСІНЕ БІЛГЕН АДАМҒА ЕҢ ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ. «МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН» ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫМЕН ҚАРА ТАСҚА ҚАШАЛЫП, ҒАСЫРЛАР БОЙҒЫ АРМАН-ТІЛЕКТІ БОЙЫНА СІҢІРІП, ҰЛАН-ҒАЙЫР ДАЛАНЫ ҰРПАҒЫНА МИРАС ЕТКЕН ҰЛТ ҮШІН ҚАСИЕТІ МҮЛДЕМ БӨЛЕК. ТАРИХТА АЗ ТЕПЕРІШ КӨРМЕСЕ ДЕ, НАМЫСТЫҢ ТУЫН ЖЫҚПАЙ, «МӘҢГІЛІК ЕЛ» БОЛУҒА ҰМТЫЛҒАН БҮГІНГІ АЗАТ ҚАЗАҚ ЕЛІ БАБАЛАР АМАНАТ БИІК ҰСТАП КЕЛЕДІ.

Мемлекет үшін ең маңызды мереке – Тәуелсіздік күні бүгін Ойылда үлкен салтанатты шарамен басталды. Әрине, ауданда жыл ішінде атқарылған жұмыстардың барлығы да осы азаттықтың арқасы. Оны аға буын жақсы біледі. «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты салтанатты шарада мерекелік баяндама жасаған аудан әкімі Асқар Қазыбаев аудан көлемінде халық игілігі үшін атқарылған жұмыстар мен мемлекеттік бағдарламалардың жемісін термелеп өтті. Одан соң әдеттегі дәстүрмен өз атынан мерекелік марапаттарын ұсынды. Яғни, аудан әкімінің алғыс хатымен «Ауданның сот жүйесіндегі қажырлы еңбегі үшін» Ойыл аудандық сотының хатшысы Алтынбек Қыдырғалиев, «Ауданның мәдениет саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» Ойыл аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Индира Шегирова, «Ауданның денсаулық сақтау саласына қосқан қажырлы еңбегі үшін» Ойыл аудандық ауруханасының жедел-жәрдем көлік жүргізушісі Жолдығали Базаров, «Ауданның білім саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» Көсембай негізгі мектебі директорының тәрбие ісі — жөніндегі  орынбасары Лунара Шутенова, «Аудан аумағындағы қауіпсіздікті сақтап, қылмыстардың алдын-алуда көрсеткен ерекше белсенділігі үшін» аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесінің аға кезекші инспекторы Манас Қостанов, «Ауданның ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін» «Тәуекел – 1» шаруа қожалығының механизаторы Ерлан Құлмурзин, «Ауданымызды көркейту мен абаттандыруға қосқан қажырлы еңбегі үшін» Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының кіші қызметкері Айдарбек Мұханов, «Ауданның денсаулық сақтау саласындағы қажырлы еңбегі үшін» Ұлттық сараптама орталығы Ойыл аудандық бөлімшесінің дезинфекторы Әсел Атыраубаева, «Аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етудегі қажырлы еңбегі  үшін» «Көкжар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сантехнигі Данияр Мәмбеталин, «Ауданның қаржы саласындағы абыройлы еңбегі үшін» аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Татьяна Караева, «Ауданның мемлекеттік қызметтегі қажырлы еңбегі үшін» «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Рая Базарова, «Ауданның білім саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» Қарасу негізгі мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсима Дүйсенғалиева, «Аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз етудегі белсенділігі үшін» «КазТрансАймақ» Акционерлік қоғамының Ойыл газ шаруашылығы мекемесінің менеджері Бектас Қайрошевтар марапатталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес ұйымдастырылған аудандық «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі» және «Тіл – ұлт мәдениетінің басты қазынасы» атты байқауларының жеңімпаздарына алғыс хаттарын табыстады. «Үздік стенд» номинациясына Ойыл орталық аудандық ауруханасы ие болса, «Үздік мақала» номинациясы бойынша «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің библиографы Гүлжазира Дәуленова, Жамбыл мектеп-балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әйгерім Кеңесова мен Ойыл аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Айгүл Майлыбаевалар марапатталды.
Санитарлық талаптар мен әлеуметтік қашықтықтар сақтала отырып өткізілген салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының концертімен жалғасты.

Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар