ӘкімдікБасты тақырып

Үздіктердің үлесі — еленген еңбек

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында әдеттегідей жыл қорытындысына арналған салтанатты жиын өтті. Санитарлық талаптар сақтала отырып өткізілген жиында аудан әкімі бір топ азаматқа мерекелік сый-сияпатын ұсынды. Алдымен 2020 жылдың қорытындысы бойынша аудандық қоғамдық-саяси науқандарға белсене қатысқаны және жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуге елеулі үлес қосқаны үшін еңбек ардагері
Мұхит Керейұлы, облыстың әлеуметтік саласының дамуына қосқан, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту бағытында атқарған елеулі еңбегі үшін «Мирас» шаруа қожалығының төрағасы Қуаныш Қыстаубаев пен 2020 жылдың қорытындысы бойынша міндеттерін үлгілі атқарғаны және ұзақ жылғы мемлекеттік қызмет саласындағы абыройлы еңбегі үшін Саралжын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Берік Бегалинге Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің Алғыс хатын табыстады.
Ауданның өндірістік саласын дамытуды ұйымдастыру жұмыстарына қосқан зор үлесі үшін аудан әкімінің орынбасары Асылан Кенжебаев пен «COVID-19» індетімен науқастанған аудан тұрғындарына уақытылы дәрігерлік көмекті ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін Ойыл аудандық аурухана бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев және Аудандық Музыка мектебінің құрылыс жұмыстарына қосқан зор үлесі үшін құрылысшы Бауыржан Нұғметовтер Аудан әкімінің  2020 жылғы 22 желтоқсандағы №303 өкімімен Ойыл ауданының «Жыл адамы -2020» атағына лайық деп танылды. Бұл азаматтарға аудан әкімі арнайы естелік сыйлық пен кеуделеріне төлбелгі тағылды.
«Ойыл ауданы әкімінің 2020 жылғы сыйлығы» ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласына қосқан зор үлесі үшін «Мұрагер» шаруа қожалығының басшысы Өркен Ақеділов, аудан аумағында «COVID-19» індетінің алдын-алу жұмыстарына қосқан зор үлесі үшін аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Дархан Ғалымжанов пен аудандық санитариялық-эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғарифолла Құбаевтар марапатталса, Волейбол спорты саласындағы жоғары жетістіктері үшін Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің оқушысы Асылхан Жақсылық, сапалы білім беру ісіндегі табысты ұстаздық еңбегі үшін – Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрсәуле Жұмабекова, аудан елді мекендерін орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруда қосқан зор үлесі үшін «Ойыл аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Таңат Нұрымгереев, асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал шаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Ақорын» шаруа қожалығының басшысы Назар Шотановтар ла осындай арнаулы сыйлыққа ие болды.
Мемлекеттік бағдарламалардың жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз етіп, ауданымызға демеушілік танытқан бір топ азаматқа алғыс хаты табысталса, ауданның әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға өз үлестерін қосып жүрген азаматтар да назардан тыс қалған жоқ. Олар аудан тұрғындарын зейнетақы және жәрдемақымен қамтамасыз етудегі абыройлы еңбегі үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МККЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша  филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ойыл аудандық бөлімінің басшысы Мұрат Әлжанов, мемлекеттік қызметтегі абыройлы  еңбегі үшін аудандық сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімінің бас маманы Азамат Исмагулов, «Nur Otan» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда және партия мәртебесін көтеріп, қоғамдық пікір қалыптастырудағы қажырлы еңбегі үшін «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Алмат Мусин, ауданды көркейту мен абаттандыруға қосқан зор үлесі үшін Ойыл ауылдық округінің әкімі Сәндібек Дәулетқалиев, ауданның мәдениет саласының өркендеуіне қосқан зор үлесі және қоғамдық шаралардағы белсенділігі үшін аудандық мәдениет үйінің директоры Сансызбай Нұржанов, ауданның салық базасын нығайтуға қосқан зор үлесі және  мемлекеттік қызметтегі абыройлы еңбегі үшін аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берік Майланов, ауданның білім саласын дамытуға қосқан зор үлесі және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі  қажырлы еңбегі үшін Ойыл аграрлық колледжінің оқытушысы Сарбиназ Қарасаева, ауданның қаржы саласындағы абыройлы еңбегі үшін аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Талғат Рысқалиев және аудан жастарына әскери-патриоттық тәрбие беруге қосқан зор үлесі үшін Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімінің бастығы Болат Сатыбалдин.

Басқа жаңалықтар