Әлеумет

Пробация қызметі — қоғамның тыныштығын қадағалайды

Бүгін аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысына комиссия мүшелері мен Ойыл аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Асхат Салик, Ойыл аудандық прокуратурасының аға прокуроры Нұрасқан Ермекбаев қатысты.

Ойыл ауданының пробация қызметінің есебінде 11 адам тұр. Қазір олардың бірқатары құрылыс жұмыстарында болса, бірқатары қоғамдық жұмыста жүр. Кейбіреулері жеке кәсіппен айналысуда. Осындай жандарды қоғамға тартып, тұрақты жұмысқа тарту негізінде көптеген іс-шаралар жүргізіліп келеді. Осы тұрғыда аталған жандарды оңалтып ортаға тарту үшін  «2021 жылға Ойыл ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» аудан әкімдігінің №5 қаулысы талқыланды. Онда алдымен Ойыл аудандық прокуратурасының аға прокуроры Нұрасқан Ермекбаев ауданымызда пробация қызметінің есебінде тұрған жандарды тұрақты жұмыспен қамту үшін «Еңбек» бағдарламасына қатыстыру, кәсіби мамандықтарға оқыту сынды тиімді жолдарын қарау керектігіне тоқталса, Асхат Салик Ойыл ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың отбасын зерделеу жұмыстары және жыл басынан атқарылған іс-шаралар бойынша баяндады.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар