ӘкімдікБасты тақырып
«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын орындауға кірісті
ӨТКЕН ЖҰМА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИЯЛЫНДА ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ. ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ЕРБОЛ ДАНАҒҰЛОВ ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ БАЙЛАНЫСҚА ШЫҒЫП, АЛДАҒЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАРҒА НАҚТЫ ТАПСЫРМА БЕРІП, ПАРТИЯ ТАРАПЫНАН САЙЛАНҒАН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА ЖҮКТЕЛЕТІН МІНДЕТТІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР ЕКЕНДІГІН АЙТТЫ.
Жиынға партия төрағасы, аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы төрағалық етті. Аудан бойынша 6 мәслихат депутаты және филиалдың есеп және статистика секторының меңгерушісі Алмат Мусин қатысты. Отырыста Ойыл ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі» «Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір!» 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасының» жобасы талқыланды. Жиын аясында алдымен «Nur Otan» партиясы Ойыл ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары, яғни «Жол картасын» талқылап, Саяси Кеңес бюросына жолдау мәселесі қаралды. Сайлауалды бағдарламаны толықтай қамтыған «Жол картасы» бойынша әр салаға бір депутаттан бекітіліп, жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе фракцияның 2021 жылға жұмыс жоспары талқыланып, депутаттардың келісімімен бекітілді.
2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының жобасы негізінде жүктелген міндеттер мен тапсырмаларға байланысты депутаттар пікірлерін білдірді.
Бақыт Ескалива, аудандық мәслихат депутаты.
- «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, маслихат депутаты ретінде партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын үнемі бақылап, назарда ұстап отыруды өз міндетім санаймын. Біздің басты мақсатымыз халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтамасыз ету, осы бағытта «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында нақты мақсаттар мен істерді алға қойған болатын, біз енді сол мәселелерді жүзеге асыруға кірістік. Фракция мүшесі ретінде өзіме бекітілген сала бойынша мобильді байланысты қамтамасыз ету, 2021 жылы Қаракемер, Ақшатау ауылдарында құрылғылар қою жұмыстары басталды және де осы елді мекендерде қалдықтар төгетін жаңа полигон орны белгіленіп, бұрынғы полигон орнын тазалау жұмыстары жоспарланып отыр.
Нұрсұлтан Дәулетқалиев, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракциясы жетекшісі
- “NurOtan” партиясы фракциясының мүшесі, маслихат депутаты ретінде партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын үнемі бақылап, назарда ұстап отыруды өз міндетім деп санаймын. Біздің басты мақсатымыз халықтың әл-әуқатын көтеріп, халықтың жайлы өмір сүруін, осы бағытта “NurOtan” партиясының нақты мақсаттары мен міндеттерін орындауға кірістік.
Венера Асқарқызы,
«Nur Otan»партиясы Ойыл аудандық филиалы консультанты.