ӘлеуметБілім

Тәуелсіздік тартуы

Қараойда ең алғашқы бастауыш мектеп 1936 жылы салынған. 1940-1941 оқу жылында Қараойда бастауыш мектеп жеті жылдық мектепке айналды. Мектепте бірінші басшылық қызметін Бақтығали Еспағанбетов атқарды. 1961-1962 оқу жылында мектеп 8 жылдық мектепке айналды. 1963 жылы негізгі мектептен орта мектеп болып құрылды. 1963-1985 жылдары Әтшібай Тіржанов директор болып, 1971 жылы мектептің білім сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталды. «Қараой мектеп-балабақшасы» мемлекеттік білім мекемесі ретінде 12 қазан 2000 жылы Ойыл аудандық Әкімінің  №217 қаулысына сәйкес «Қараой орта  мектебі» ММ-сі «Қараой мектеп-балабақшасы» ММ-сі болып қайта ашылды.
2005 жылы аудандағы Тәуелсіздік тарту еткен алғашқы нысандардың қатарында Қараой мектеп-балабақшасы жаңадан бой түзеді. Сол жылы мектеп жаңа 2 этажды стандартқа сай мектепке көшірілді.
Мектептің негізгі бағыты: мемлекеттік стандарт бойынша мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру. Оқушылардың заман талабына сай жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған.
Мектепте оқушы бойындағы талап пен таланты жетілдіру мақсатында әр-түрлі факультативтік және үйірме сабақтары жүреді. Мектеп былтыр күрделі жөндеуден өтті.

Басқа жаңалықтар