Спорт

Амангелді ауылында спорт алаңы ашылды

Қазақстанда тамыз айының әр үшінші аптасында  дене шынықтыру саласы мамандарының кәсіби мерекесі — спорт күні аталып өтіледі. Бұл жыл сайынғы дәстүрге айналған мереке. Осы мереке қарсаңында Көптоғай ауылдық округі, Амангелді ауылында қазіргі заман талабына сай жасанды төсеніш жамылғымен шағын футбол алаңы салынып пайдалануға берілді.
Шағын алаңның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев арнайы қатысып, Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында жеткен жетістіктерді жіпке тізіп, ел мен жер үшін жасалған игі істерге тоқталды. Солардың бірі ретінде дәл осы күні ауыл тұрғындарының және жастардың игілігіне берілгелі отырған шағын футбол алаңын мысалға келтірді. Болашақ ұрпақ пен жастардың саламатты өмір салтын ұстанып, араларынан спортшы жастардың шығуына тілектес екендігін жеткізді.
Мұратбай Болатұлы спорт мамандарын Спорт күні кәсіби мерекесіне орай, ауданның спортын дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан елеулі еңбегі үшін аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың алғыс хатын, естелік сыйлықтарын табыс етті.

Б.Мұхамбетқали,
 аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар