Басты тақырыпСпорт

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚОС АУЫЛДЫҢ ҚУАНЫШЫ

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Көптоғай ауылдық округіне қарасты Қарасу және Шұбарши ауылдарында жасанды жамылғылы шағын футбол алаңы ашылды.
Шағын алаңның ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Қазыбаев арнайы қатысып, барша ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, ел игілігі үшін ауданда атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталды. Келесі кезекте сөз алған ауыл ақсақалдары, спорт саласының ардагерлері тұрғындар атынан ыстық ықыластарын жеткізіп, ақ батасын берді.
Салтанатты шара соңы шағын футболдан ауыл жастарының жолдастық турниріне ұласты. Жаңа футбол алаңындағы алғашқы ойынға допты қосу құрметіне аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы ие болды. Айта кетсек, биылғы жылы дәл осындай шағын футбол алаңы алдағы уақытта Ақкемер, Шиқұдық елді мекендерінде салынып, барша спорт сүйер қауымның игілігіне беріледі.
Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл-Шұбарши-Қарасу-Ойыл.

Басқа жаңалықтар